Елбасы Ердоған Түркияға инвестиция салу үшін келген шетелдіктерге қолдау беретіндерін айтты.

Елбасы Ердоған "Туризмде тарихи рекорд жаңалап, елімізге келген турист санын 40 миллионнан асырдық" деді.

1094178
Елбасы  Ердоған Түркияға инвестиция салу үшін келген шетелдіктерге қолдау беретіндерін айтты.

 

Елбасы Режеп Таип Ердоған Түркияға инвестиция салу үшін келген шетелдіктерге барлық мүмкіндіктермен қолдау беретіндерін айтты.

Елбасы Режеп Таип Ердоған Ыстанбұлдағы CNR ЭХПО Жәрмеңке орталығында ұйымдастырылған Өнеркәсіп және іскерлер қоғамы MÜSİAD ЭХПО жабылу рәсімінде баяндама жасады.

"Тек өзіміз ғана пайда табуды ойламаймыз. Бәріміз бірге пайда табуды негіз еткен сауда түсінігімен қимылдағанымыз себепті барлық жерде қабылданып отырмыз" деді Елбасы Ердоған. 

Елбасы Ердоған "Бұл кезеңде елімізді жахандық қаржы дағдарысына және 15-шілде төңкерісіне қарамай, жылына орташа 5.8 пайыздық мөлшермен өсірдік" деп баса көрсетті. 

Елбасы Ердоған "Туризмде тарихи рекорд жаңалап, елімізге келген турист санын 40 миллионнан асырдық" деді.

Елбасы Ердоған "Түркияның басқан қадамы маңызды болса, алдағы нысанасы одан да маңызды. Елімізді 2023 жылы әлемдегі ең ірі 10 економиканың біріне айналдыруды армандаймыз. Елімізге инвестиция салуға келген шетелдіктердің барлық мүмкіндіктермен қасында боламыз. Соңғы бес жылдан бері жалғасты жасалған шабуылдарға қарамай, кейде біраз кері шегінсек те, нысанамызды орындауға бел байлап отырмыз" деп баса көрсетті. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар