Чавушоғлұның АҚШ сапары жалғасуда

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның АҚШ сапары жалғасуда.

1092071
Чавушоғлұның АҚШ сапары жалғасуда

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның АҚШ сапары жалғасуда.

АҚШ-та болған Чавушоғлұ Түркияның Вашингтондағы елшілігінде түрік журналисттермен бас қосты.

АҚШ тараптарымен, әсіресе Фетуллахшы террор ұйымы FETÖ, АҚШ-тың бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ға  берген қолдауы, 2 қазанда Сауд Арабиясының Стамбул Бас консулдығында өлтірілген сауд текті журналист Джемал Кашыкчы қастандығы және Сирия тақырыптарын қолға алғанын баяндаған Чавушоғлұ сапардың сәтті өтіп жатқанын білдірді.

Чавушоғлұ Түркияның АҚШ-тан талап еткен 84 FETÖ мүшесі тізімін АҚШ Мемлекетті хатшысы Майк Помпео мен Ақүй ұлттық қауіпсіздік ақылшысы Джон Болтонға тапсырып бергенін айтты.

Кашыкчы қастандығы тақырыбында болса Түркияның тұғырының айқын екенін білдірген Чавушоғлұ оқиғаның жарыққа шығарылуы үшін атсалысқанын атап өтті.

 

 



Ұқсас жаңалықтар