Ердоғанның БҰҰ-дағы тарихи сөзі

"Зұлымдық пен жабайылыққа «тоқта» деу үшін не күтіп отырсыз?» деді.

2191188
Ердоғанның БҰҰ-дағы тарихи сөзі

Президент Режеп Тайып Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымының 79-шы Бас ассамблеясында тарихи сөз сөйледі.

Президент Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесіне Газадағы геноцидтің алдын алу үшін және осы зұлымдық пен жабайылыққа «тоқта» деу үшін не күтіп отырсыз?» деді.

Нью-Йоркте БҰҰ-на мүше елдердің басшыларын жинаған БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы басталды.

Сессияда БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш пен АҚШ президенті Джо Байденнің баяндамасынан кейін президент Ердоған сөз алды. Ол сөзін   «Кейбіреулер ыңғайсызданса да, мен бүгін осы жерде, адамзаттың ортақ мінберінде адамзат атынан кейбір шындықтарды ашық айтқым келеді» деп бастады.

“БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Газадағы геноцидтің алдын алу үшін, осы қысым мен айуандыққа "тоқта" деу үшін не күтіп отырсыз? Палестина халқымен бірге өз азаматтарының өміріне қауіп төндіретін қырғын желісін тоқтату үшін не күтіп отырсыз?» деді ол.

Ердоған 7 қазаннан бері Израильдің шабуылына ұшыраған Газаның әйелдер мен балалар үшін әлемдегі ең үлкен зиратқа айналғанын атап көрсетті. Ол «Газалық жүздеген бала құрғақ нан немесе бір тостаған сорпа таба алмай өлтірілуде. Батыс аузынан тастамайтын құндылықтар өліп жатыр» - деп ескертті.

Израиль әкімшілігінің негізгі адам құқықтарын елемей, ұлтқа қарсы этникалық тазарту мен ашық геноцид жасап жатқанын атап өткен Президент «70 жыл бұрын Гитлерді (Германияда) адамзат альянсы тоқтатқаны сияқты, (Израиль премьер-министрі Беньямин) Нетаньяху мен оның өлтіру механизмін тағы да адамзат альянсы тоқтатуы керек»- деді.

Президент Ердоған “Астанасы Шығыс Иерусалим болатын, тәуелсіз, егемен және географиялық тұрғыдан тұтас Палестина мемлекетінің құрылуын бұдан былай кейінге қалдыруға болмайды. Біз мұсылмандардың нысанаға алынуына қарсы болсақ, антисемитизмге де қарсымыз” деді.

«Палестинаны мойындамаған мемлекеттерді осы қиын кезеңде тарихтың оң жағында болып, Палестина мемлекетін мүмкіндігінше тезірек тануға шақырамын» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар