Ішкі істер министрлігі террормен күрес қорытындысын жариялады

Ішкі қауіпсіздік операциялары аясында соңғы бір аптаның ішінде 14 террорист залалсыздандырылды.

1085946
Ішкі істер министрлігі террормен күрес қорытындысын жариялады

Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда ел көлемінде 5-12 қараша күндері арасында бөлшектеуші террор ұйымымен күрес аясында Жандармерия және полиция арнайы жасақтары жүргізген ішкі қауіпсіздік операцияларында 2 мың 388 операция жасалды.

Операциялар барысында террор ұйымдарына қамқорлық жасаған және ұйыммен байланысы бар екені анықталған 5 мың 86 адам тергеуге алынды.

Операцияларда Тунджели, Диярбакыр, Муш, Хатай, Ван, Османийе, Трабзон, Мардин, Шырнак және Бингөлде 28 баспана жойылды.

Сондай-ақ 5 дана ауыр және ұзақ атымды 24 қару, 11 дана граната, 289 килограмм жарылғыш материал, 15 дана қолдан жасалған жарылғыш, 515 дана әртүрлі оқ-дәрі қолға түсірілді.



Ұқсас жаңалықтар