Ердоған террор ұйымы мен АҚШ-тың ортақ күзету қызметін сынға алды

Президент Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі (ТҰҰМ) жиналысында үн қатты.

1082608
Ердоған террор ұйымы мен АҚШ-тың ортақ күзету қызметін сынға алды

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың Сирияның солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-мен ортақ күзету қызметін жүзеге асырудың қабылданбайтынын атап көрсетті.

Президент және Әділет пен даму партиясы төрағасы Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі (ТҰҰМ) жиналысында үн қатты.

Журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарған Ердоған мәлімдемесінде Түрік Қарулы күштерімен бірге Манбиджте ортақ күзету қызметін бастаған АҚШ-тың YPG/PKK мүшесі террористермен де кейбір аймақтарда бірге күзету қызметі жүргізгені жайлы қауесеттерді бағалады.

Ердоған «Қабылдамаймыз. Осындай бір жағдай шекара желісінде үлкен мәселелерге жол ашады. Құрметті Дональд Трамптың осымен байланысты кезеңді тоқтататынына сенемін» деді.

АҚШ-тың Иранға бағытталған санкцияларына қатысты бір сұраққа қайтарған жауабында Ердоған «Иран санкциялары дұрыс емес. Әлемнің теңдігін бұзуға бағытталған бір қадам. Халықаралық құқыққа да, дипломатияға да қарама-қайшы. Империялық бір әлемде өмір сүргіміз келмейді. Біз Ираннан 10 миллиард текше метр табиғи газ сатып аламыз. Осылай бір санкцияға бағынбаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар