Түркия мен Катар қарым-қатынастары өте жақсы

Чавушоғлұ Түркия мен Катар арасындағы қарым-қатынастардың әр салада кемелді деңгейде дамығанын айтты.

1080372
Түркия мен Катар қарым-қатынастары өте жақсы

Чавушоғлұ Түркия мен Катар арасындағы қарым-қатынастардың әр салада кемелді деңгейде дамығанын айтты.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Түркия мен Катар арасындағы қарым-қатынастардың әр салада кемелді деңгейде дамығанын айтты.

Мәвлүт Чавушоғлұ ресми сапармен Катардың астанасы Дохаға барды. Чавушоғлұ бұл жерде Катар премьер-министр орынбасары және сыртқы істер министрі Мұхаммед бин Абдурахман Әл-Санимен кездесті.

Чавушоғлұ жасаған мәлімдемесінде Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық комитеті төртінші жиналысының дайындықтарын қолға алу үшін Катарға барғанын, кездесуден риза болғанын білдірді.

Жоғарғы деңгейдегі стратегиялық комитеті жиналысына байланысты мәлімдеме жасаған Чавушоғлұ «Түркия мен Катар арасындағы қарым-қатынастар әр салада кемелді деңгейде дамуда. Тағы да істелетін көптеген жұмыстар бар» деді.



Ұқсас жаңалықтар