Ұлттық Қорғаныс министрі Республика күнін құттықтады

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 29 қазан Республика күніне орай құттықтау жариялады.

1077250
Ұлттық Қорғаныс министрі Республика күнін құттықтады

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 29 қазан Республика күніне орай құттықтау жариялады.

Акар құттықтауында террормен күрестің табандылықпен жалғастырылатынын атап көрсетті.

Акар «Аймағымызда ‘Түркия жоқ’ деп есептеп, басылатын қадамдарға рұқсат берілмейді» деді.

Хулуси Акар соңғы террорист залалсыздандырмай осы күрестің аяқталмайтынына назар аударды.

Акар 29 қазан Республика күніне орай жарияланған құттықтауында Мұстафа Кемал Ататүрік басшылығында барлық кедергілерге қарамастан асыл ұлтымыздың батырлық және пидақорлығымен құрылған Республиканың 95 жылдығын құттықтаудың мақтанышы мен толқынын сезінгендерін білдірді.

Ұлттық Қорғаныс министрі Республиканың «Егемендік даусыз ұлттың» ережесінен тайынбай жолын жалғастыратынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар