Ердоған S-400 қорғаныс жүйесін ең қысқа уақытта алатындарын мәлімдеді

Президент террормен күресте Түркияның жалғыз қалдырылғанын атап көрсетті.

1040869
Ердоған S-400 қорғаныс жүйесін ең қысқа уақытта алатындарын мәлімдеді

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресейге тапсырыс берілген S-400 әуе зымыран қорғаныс жүйесін ең қысқа уақытта алатынын білдірді.

Ердоған Балыкесирдегі Құрлық күштері унтер-офицерлерді дайындау жоғары оқу орны түлектерінің салтанатты кешінде үн қатты. Президент террормен күресте жалғыз қалдырылған Түркияның өзін өзі қорғау үшін S-400 зымыран қорғаныс жүйесіне мұқтаж екенін білдірді.

Ердоған «Өзімізді қорғау үшін қажетті қару-жабдықтарды бізге ақысымен сатпаса да, террор ұйымдарына тегін берді. Жерімізді қорғау, жан мен мүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін альтернативті ізденіске кіріскенде болса ‘жоқ болмайды’ дейді. Біз мұндай күштеп мәжбүрлеуді қабылдауымыз мүмкін емес. Түркияның S-400 жүйелеріне қажеттілігі бар және келісім жасалынды. Иншалла ең қысқа уақытта аламыз» деді.

Ердоған Түркияның Еуропа және АҚШ-пен ынтымақтастығы ортақтық қарым-қатынастарына болғандай, басқа елдермен орнатылатын ынтымақтастыққа да қажеттілік бар екенін атап көрсетті.

Атын атамай АҚШ-тық дін қызметкері Андреу Бронсон тақырыбына тоқталған президент Ердоған «Измирде толығымен заңдар аясында жүргізілген бір сот процесін сылтауратып, Түркияны әскери және экономикалық тұрғыдан қиратуға бағытталған талпыныстарын ешқандай түсіндіру мүмкін емес» деді.



Ұқсас жаңалықтар