Террормен күрес операцияларында 17 террорист өлтірілді

Түрік қарулы күштері террористтерге тыныс алдырмайды.

1040148
Террормен күрес операцияларында 17 террорист өлтірілді

Шекараның арғы жағы мен ел көлемінде жүргізілген операцияларда бөлшектеуші террор ұйымы PKK-лық 17 террорист залалсыздандырылды.

Түрік қарулы күштері Ирактың солтүстігіндегі Гара аймағында база аймақтарына және шекара қауіпсіздік бөлімшелеріне шабуылға дайындалған бөлшектеуші террор ұйымы мүшелерін анықтады.

Аймаққа жасалған әуе операциясында кем дегенде 9 террорист залалсыздандырылды.

Хатай қаласында болса қауіпсіздік күштеріне шабуылға дайындалған террористтерге операция жасалды. Әуе операциясында қарулы 6 террористің залалсыздандырылғаны білдірілді.

Хаккари Юксекова ауданында болса қарулы пилотсыз ұшақтардың қолдауымен жасалған операцияда PKK-ға мүше 2 террорист ұсталды.



Ұқсас жаңалықтар