Шекара бекеттеріне әскери күш

Сирияның солтүстігіне әскери күш жеткізу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

1038918
Шекара бекеттеріне әскери күш

Түрік Қарулы күштері Сирияның Манбидж және Тель-Рыфат аймақтарына әскери күш жинауын жалғастыруда.

Түркияның Килис шекара желісінде Сирияның солтүстігіне әскери күш жеткізу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Елдің түрлі өңірлеріндегі жасақтардан жолданған әскери құралдар Сирияның солтүстігіне барып жетуде.

Танк және басқа да әскери көліктер, әскери қызметкер тасыған көліктер Килистегі шекара бекетінен жолға шықты.

Өнджүпынар және Чобанбей шекара бекеттерінен Тель-Рыфат және Манбидж өңірлеріне қарай бет алды.



Ұқсас жаңалықтар