АҚШ делегациясы Анкарада

АҚШ және Түркия делегациялары бас қосты.

1038574
АҚШ делегациясы Анкарада

Түркия мен Америка Құрама Штаттары F-35 әскери ұшақтары, S-400 әуе қорғаныс жүйелері және бөлшектеуші террорлық ұйым PKK тақырыптарын талқылады.

АҚШ Конгресінен бір делегация Сыртқы істер және Қорғаныс министрлігі лауазымдыларымен Анкарада бас қосты.

Түрік делегациясын Осман Ашкын Бак,  АҚШ делегациясын Майкл Турнер басқарды.

АҚШ делегациясы Түркияның Ресейден S-400 қорғаныс жүйесін сатып алудан бас тартқан жағдайда, әскери ұшақтарға байланысты санкцияларды жоятынын білдірді.

Қонақ делегация Түркиямен қарым-қатынастарды жақсартуға бағытталған сөздер қолданды.  түрік лауазым иелері де АҚШ Конгресінің Түркияға қарсы жағымсыз ұстанымнан бас тартуын сұрады.

Түрік делегациясы айырықша террорлық ұйым PKK-мен күресте АҚШ-тың өз жауапкершілігін орындамағанын білдірді.

Түрік делегациясы Фетуллахшы террор ұйымының басшысын Түркияға қайтаруға деген табандылығы мен ДАИШ-пен күресті де баса білдірді.



Ұқсас жаңалықтар