Түркия Мадуроға жасалған шабуылды айыптады

Түркия Венесуэла президент Николас Мадуроға бағытталған шабуылды қатаң түрде айыптады.

1026246
Түркия Мадуроға жасалған шабуылды айыптады

Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемеде «Венесуэла ұлттық ұланының 81 жылдығына орай бас қала Каракаста ұйымдастырылған, президент Николас Мадуро Морос, жұбайы және баласына қоса үкімет мүшелері мен әскери лауазымдылар қатысқан рәсімде жасалған және президентті нысанаға алған шабуылды күйзеліспен қарсы алдық. Аталмыш опасыз шабуылды қатаң түрде айыптаймыз» делінді.

Оқиға кезінде Мадуро және туысқандарының жарақат алмай құтылуының жұбатқаны атап көрсетілген мәлімдемеде жарылыс салдарынан жарақат алғаны білдірілген 7 әскерге де жедел шипа тіленді.



Ұқсас жаңалықтар