АҚШ-тың Еуропа қарулы күштері қолбасшысы Түркияда

АҚШ-тың Еуропа қарулы күштері қолбасшысы генерал Curtis Scaparrotti Түркияға келді.

1024239
АҚШ-тың Еуропа қарулы күштері қолбасшысы Түркияда

Америка Құрама Штаттарының Еуропа қарулы күштері қолбасшысы генерал Curtis Scaparrotti Түркияға келді.

Ұлттық қорғаным министрі Хулуси Акар АҚШ-тың Еуропа қарулы күштері қолбасшысы генерал Curtis Scaparrottiді қабылдады.

Қабылдауда Curtis Scaparrotti жаңа міндетіне орай Хулиси Акарды құттықтады.

АҚШ қолбасшысы Scaparrotti одан кейін Бас Штаб басқармасы төрағасы Яшар Гүлермен кездесу үшін Бас Штаб басқармасы ғимаратына барды.

Бас Штаб басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Бас Штаб басқармасы төрағасы Яшар Гүлер АҚШ-тың Еуропа қарулы күштері қолбасшысы генерал Curtis Scaparrottiмен кездесті және делегациялар арасы кездесулерге төрағалық жасады.

Кездесулерде Сирияның Манбидж аймағының террордан тазалануына байланысты жол картасы, F-35 соғыс ұшағы жобасы, ПАТРИОТ жүйелерінің сатылуы тақырыптары қолға алынды.

Scaparrotti 2 тамыз сейсенбі күні, яғни бүгін  Анададағы Инжирлик әскери базасын тексереді және одан кейін Измирге барады.

        

 

 



Ұқсас жаңалықтар