Ел көлеміндегі 17 террорист залалсыздандырылды

Түрік қарулы күштерінің әуе операциясында 17 террорист залалсыздандырылғаны мәлімденді.

1010854
Ел көлеміндегі 17 террорист залалсыздандырылды
terorist para.jpg

Түрік қарулы күштерінің Османийе, Шырнак және Диярбакыр ауылдық аймақтарына бағытталған әуе операциясында 17 террорист залалсыздандырылды.

Бас штаб басқармасының мәлімдемесіне қарағанда Османийе, Шырнактың Бейтүшшебап және Диярбакырдың  Кулп ауданында анықталған террористтерге әуе операциясы жасалды. 

Шырнактың Бейтүшшабап ауданында жаралы қолға түскен террористердің бірінің Мехмет Гойи лақапты Кадри Байрам екені білдірілді.

Аймақта террористтерге тиесілі M16 автоматты қаруы, 2 калашников автоматы, қолдан жасалған жарылғыштар, 2 кішкентай газ баллоны, 2 сөмке және көптеген күнделікті өмірде қолданылған материал табылды.

Битлисте болса 28 маусым күнгі операцияда залалсыздандырылған 10 террористің бірінің қызыл категориямен іздеу салынған террор ұйымы PKK/KCK-ның Гарзан уәлаяты жауаптысы екені анықталды.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда террорист Сефер Ачар 1998 жылы 27 қараша күні Ирактың солтүстігінде жандармерияға тиесілі "Skorsky" тікұшағының құлатылуы мен 15 әскердің шәйіт болуына себеп болған шабуылға жауапты.

Сефер Ачардың үстінде табылған «Херкода құлатылған тікұшақтың ұшқышының ақшасы / 11-27-1998» жазылған қағаз бен 1998 жылы қолданылған «500 мың лираны» шабуылдың естелігі ретінде 20 жылдан бері қасында айналдырғаны ортаға шықты.



Ұқсас жаңалықтар