Операцияда 49 террорист залалсыздандырылды

Зәйтүн бұтағы операциясында залалсыздандырылған террорист  саны 4519 болды.

1007219
Операцияда 49 террорист залалсыздандырылды

Түрік Қарулы Күштері тарапынан Мардин, Хаккари және Шырнак аймағында жүргізілген операцияда бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшесі 15 террорист залалсыздандырылды.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда террор ұйымымен күрес аясында жүргізілген операцияларда Мардинде 2, Шырнакта 8, Хаккаридің Кырыкдаг аймағында 5 болып, жиыны 15 террорист залалсыздандырылды.

Мардиндегі операциялар да жалғасуда.

Бас Штаб басқармасынан жасалған мәлімдемеде бойынша Хаккаридің ауылдарында кеше және бүгін жасалған әуе операцияларында 7 террорист өлтірілді. 

Осылайша Түрік Қарулы Күштері тарапынан 29 маусым мен  5 шілде аралығында мемлекет ішінде және Ирактың солтүстігіндегі операцияларда залалсыздандырылған террорист саны 49-ға ұласты.

Сирияның солтүстігінде 20 қаңтарда басталған Зәйтүн бұтағы операциясында болса залалсыздандырылған террорист  саны 4519 болды.



Ұқсас жаңалықтар