Могадишо халқы Түркияға алғыс айтты

Могадишода «Сомали халқының көңілінде орын алған Түркияға алғыс іс-шарасы» атты қимыл ұйымдастырылды.

997427
Могадишо халқы Түркияға алғыс айтты

Сомалидің астанасы Могадишода «Сомали халқының көңілінде орын алған Түркияға алғыс іс-шарасы» атты қимыл ұйымдастырылды.

Сомали азаматтары іс-шарада мемлекетін 2011 жылынан осы таңға дейін қол ұшын берген және өздеріне миллиард долларлық ақшалай жәрдем берген түрік халқына және президент Режеп Тайып Ердоғанға алғыс айтты.

Могадишо провинциясы тарапынан астана Могадишода ұйымдастырылған іс-шараға Венадир губернаторы, Могадишо қала әкімі және Түркияның Могадишо өкілетті және төтенше елшісі Олган Бекар, депутаттар және Сомалиде міндет атқарған түрік азаматтық ұйымдарының өкілдері қатысты.


Этикеттер: #Сомали , #Могадишо

Ұқсас жаңалықтар