Түркия алғашқы F-35 соғыс ұшағын қабылдап алды

АҚШ-тың Техас-Fort Worth қаласында алғашқы ұшақты қабылдау үшін рәсім ұйымдастырылды.

997076
Түркия алғашқы F-35 соғыс ұшағын қабылдап алды

Түркия операциялық қабілеттері жоғары және Әуе күштері қолбасшылығының ықпалын арттыратын F-35 соғыс ұшағын қабылдап алды.

Бағдарлама ортақтары арасында Түркияда бар F-35 соғыс ұшағы жобасы аясында АҚШ-тың Техас-Fort Worth қаласында алғашқы ұшақты қабылдау үшін Lockheed Martin зауытында рәсім ұйымдастырылды.

Рәсімге Қорғаныс өнеркәсібі кеңесшілігі лауазымдыларына қоса жобада қызмет еткен түрік фирмалары мен Lockheed Мартиннің басшылары да қатысты.

Қабылдап алған алғашқы F-35 соғыс ұшағы Түрік әуе күштері қолбасшылығы инвентарына қосылған 5-ші кезең соғыс ұшағы болу ерекшелігіне ие.

18-0001 құйрық нөмірімен қабылдап алынған алғашқы F-35 соғыс ұшағы ұшқыштарды жаттықтыру үшін қолданылған Аризонадағы Luke әуе базасында міндет атқарады.

Алғашқы ұшақтың артынан жақын уақытта 2-ші ұшақты, 2019 жылының наурыз айында болса 3 пен 4-ші ұшақтарды табыс етеді. Түрік ұшқыштар толық жаттықтырылғанша ұшақтар АҚШ-та тұрады.

Түркияға өткізілетін 5-ші және 6-шы ұшақтар болса 2019 жылы қараша айында өндірістері аяқталған соң өткізу үшін тікелей Түркияға әкелінеді. Алдағы жылдары Түркия 100 шақты F-35 соғыс ұшағы қамтамасыз етуді жоспарлайды.



Ұқсас жаңалықтар