Түріктің танкқа қарсы қорғаныс көлігі таныстырылды

Париждегі Халықаралық қорғаныс және қауіпсіздік көрмесінде түріктің жаңа жобасы көрмеге қойылды.

990516
Түріктің танкқа қарсы қорғаныс көлігі таныстырылды

Құрлық күштері қолбасшылығының қажетіне жарайтын түрде жетілдірілген «Парс 4x4» танкқа қарсы қорғаныс көлігінің прототипі Франциядағы көрмеде бірінші рет таныстырылды.

Париждегі «Eurosatory» Халықаралық қорғаныс және қауіпсіздік көрмесінде түріктің жаңа жобасы көрмеге қойылды.

Pars 4x4 көлігі - түрлі алаңда жылдамдығы және жоғары маневр қабілетімен жаудың танк және басқа да сауытты көліктерін алыстан жойып, қысқа уақытта орын ауыстырып,  екінші нысанды атқылай алатын ерекшелікке ие.

FNSS Қорғаныс жүйелері фирмасы тарапынан жетілдірілген жаңа көліктің басшы ерекшелігі – күш тобы көліктің артында орналасуы.

Pars 4x4 жоғары баллистикалық және мина қорғау деңгейін қамдайтындай түрде жобаланды. Айырықша жаңа қорғаныс көлігінің алыстан басқарылатын танкқа қарсы мұнарасы да бар.



Ұқсас жаңалықтар