Түркия Үндістандағы опасыз шабуылды айыптады

Үндістанның Чатисгарх уәлаятындағы опасыз шабуылда 7 полиция қызметкері қаза тапты.

975447
Түркия Үндістандағы опасыз шабуылды айыптады

Түркия Үндістанның Чатисгарх уәлаятында жасалған террор шабуылын айыптады.

Сыртқы істер министрлігі шабуылмен байланысты жасаған жазбаша мәлімдемеде «Үндістанның Чатисгарх уәлаятындағы опасыз шабуылда 7 полиция қызметкерінің қаза табуы өкінішті. Шабуылды айыптаймыз, қаза тапқандардың жанұяларына және Үндістан халқына көңіл айтамыз» делінді.

Үндістанның шығысында кеше Мао көтерілісшілер жолға орналастырған бомба полиция көлігі өтіп бара жатқанда жарылған болатын. Оқиғада 7 полиция қаза тапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар