"Израиль - террор мемлекеті"

Президент Ердоған Израильдің міндетті түрде есеп беруі керектігін айтты.

974310
"Израиль - террор мемлекеті"

Президент Режеп Тайып Ердоған Израильдің әрекеттерінің қарақшылық, қырғын және мемлекеттік террор екенін айтты. 

Ердоған Стамбулда ұйымдастырылған Ислам Ынтымақтастық ұйымы Ислам саммитінің беташарында сөз сөйледі. Ол Иерусалимді қорғаудың бейбітшілік пен адам баласын қорғау екенін білдірді 

"Біздер бүгін аймағымызды қан мен көздің жасына тұншықтырғысы келетіндерге "тоқта" дейміз. Осындағы жиналымызда палестиналық бауырларымыздың күресінде жалғыз емес екендерін білдіреміз" деді ол. 

Ердоған Иерусалимнің бүкіл мұсылман әлемінің күресі екенін айтты. 

Ердоған Иерусалимнің қолында он мыңдаған жазықсыз палестиналықтың қаны бар бір террор мемлекетінің қолына тасталмайтындай қасиетті жер екенін меңзеді. 

Ердоған өкілетті елшілігін Иерусалимге көшіріп,  Израильдің қырғынын дайындаған Америка Құрама Штаттарының қолына жазықсыз палестиналықтардың қанының жұққанын тілге тиек етті. Ол Израильдің халықаралық сот алдында міндетті түрде есеп беруі керектігін атап көрсетті. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар