Ердоған Рухани және Меркельмен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Газа үшін телефон дипломатиясын жалғастыруда.

972791
Ердоған Рухани және Меркельмен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Газа үшін телефон дипломатиясын жалғастыруда.

Ердоған Палестинадағы соңғы оқиғалармен байланысты Иран президенті Хасан Рухани және Германия премьер-министрі Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік қайнар көздерден алынған мағлұматтарға қарағанда Ердоған мен Рухани телефондағы әңгімесінде АҚШ-тың өкілетті елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіру барысында Израиль әскерлерінің Газада палестиналықтарды қырғындау кесірінен аймақта туылған оқиғалар қолға алынды.

Ислам ынтымақтастық ұйымының жұма күні Стамбулда өткізілетін кезектен тыс жиналысының мұсылмандардың ортақ тұғыр ұстануы тұрғысынан өте маңызды екенін білдірген екі лидер Біріккен Ұлттар Ұйымы құзырында да тақырыптың қадағалаушысы болатындарын түсіндірді.

Президент Ердоған Германия премьер-министрі Меркельмен де телефонда сөйлесті.

Телефон әңгімелерінде екі лидер АҚШ-тың өкілетті елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіру барысында Израиль әскерлерінің палестиналықтарға оқ жаудыруы салдарынан шыққан оқиғалар жөнінде пікір алмасты.


Этикеттер: #Иран , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар