Президент Иерусалимнің мәртебесінің бұрыннан белгілі екенін атап көрсетті

Президент Ердоған Ұлыбританияда «TURKEN» қоры студенттерімен бас қосып, қатысушыларға үн қатты.

969982
Президент Иерусалимнің мәртебесінің бұрыннан белгілі екенін атап көрсетті

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың өкілетті елшілігін Иерусалимге көшіруімен байланысты «Иерусалимнің мәртебесі, әсіресе Шығыс Иерусалимнің Палестинаның бас қаласы екені бұрыннан белгілі. Мұны Ислам әлемі ретінде біз былай танимыз» деді.

Ұлыбританияның бас қаласы Лондонға барған Режеп Тайып Ердоған «TURKEN» қоры студенттерімен бас қосып, қатысушыларға үн қатты.

Жастарға 600 жыл бойынша 3 құрлықта, 7 климатта әділет таратқан бір жаһандық империяның (Османлы мемлекеті) мұрагерлері екенін атап көрсеткен Ердоған езілгендердің қанын төгіп, тыныштық пен бейбітшілік орнатыла алмайтынын білдірді.

Ердоған «Қазір бір қадам басылуда, ол не? Міне, Иерусалим Израильдің астанасы болады екен! АҚШ-тан бастап Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде таниды екен. Не деп қабылдасаңыз, солай таныңыз. БҰҰ-да осы дауысқа салынып, әр сатыдан өтілді. 128 ел ұстанымын ашық түрде ортаға қойды. Сізді жақтайтын 7-8 ұсақ мемлекет пен аймақтарды тауып алдыңдар. Соның өзінде талай телефонмен әңгімелесіп жаттыңдар. ‘Мен сендерге осыншама ақша беремін, сол үшін дауысыңды мына бағытта бер’ деп қадамдар басылды. Қалағанша қадам басыңыз, Иерусалимнің мәртебесі, әсіресе Шығыс Иерусалимнің Палестинаның бас қаласы екені бұрыннан белгілі. Мұны Ислам әлемі ретінде біз былай танимыз. Біз біреулер сияқты мұнай, алтын және алмаз үшін адамдарды бір-бірімен қырдырған жоқпыз. Алайда біреулер мұны жасады» деді.



Ұқсас жаңалықтар