Вашингтондағы өкілетті елші мақала жариялады

Т.Р. Вашингтон Өкілетті елшісі Сердар Кылыч АҚШ-тың Сирияда террор ұйымы PKK/PYD-YPG-мен емес, Түркиямен ынтымақтасу керектігін атап көрсетті.

952595
Вашингтондағы өкілетті елші мақала жариялады

Түркия Республикасының Вашингтондағы Өкілетті және төтенше елшісі Сердар Кылыч АҚШ-тың Сирияда бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-YPG-мен емес, Түркиямен ынтымақтасу керектігін атап көрсетті.

Өкілетті елші Кылыч Вашингтон пост газетінде жарияланған мақаласында Түркия мен АҚШ ынтымақтастығын «АҚШ Сириядағы қақтығыстың шатағымен күрескен кезде бір террор ұйымына емес, ондаған жылдардан бері одақтасы болған Түркияға сену керек» деп бағалады.

Түркияның Сириядағы қақтығыстардан қашқан араб, күрд, түрікмен, ассириялық және армяндардан тұратын 3,5 миллион босқынға қонақжайлық жасағанына назар аударған Кылыч «Асад режимі PKK/PYD-YPG-нің террор алаңын кеңейтуіне рұқсат беріп, бұл әртүрлі этникалық топтардың барлығын елдерін тастап кетуіне мәжбүрледі. Бұл аймақтарда дәл режимнің ДАИШ-пен жасағанына ұқсас әлсіз, сіңген бір құрылым ортаға шықты. PYD/YPG ешбір уақытта бір оппозициялық тарап болған жоқ. Ол әр қашан режиммен ортақ қозғалды» деді.

Түркияның аймақта дисциплинаны армиясымен террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы күресетін жалғыз күш екеніне және Афринде екінші бір террор ұйымымен күреске мәжбүр болғанына назар аударған Кылыч «Түрік қарулы күштері жазықсыз адамдардың қорғалуы тақырыбында үлгілі бір ұстаным көрсетеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар