Анадолы агенттігіне - 98 жыл

Президент Анадолы агенттігінің 98 жылдығына орай құттықтау жариялады.

945945
Анадолы агенттігіне - 98 жыл

Президент Режеп Тайып Ердоған Анадолы агенттігінің 98 жылдығына орай құттықтау жариялады.

Президент Ердоған ұлт азаттық күресі жылдарында құрылған,  республиканың әрбір сатысына,  Түркияның дамуы процесіндегі әрбір қадамға куә болған Анадолы агенттігінің тамырлы ұйым екенін айтты.  Ол агенттіктің қызметтерімен елдің мақтанышына айналғанын білдірді.

Ердоған құттықтауында «Ұлтымызға дұрыс және толық мағлұмат беру міндетін азаттық күресі жылдарында болғаны секілді бүгінгі күні де Афринде жүргізілген Зәйтүн бұтағы операциясы барысында да жалғастырған Анадолы агенттігі ықпалы және күшімен әлемнің санаулы ақпарат агенттіктерінің біріне айналды» деді.



Ұқсас жаңалықтар