Президент шекара бекетіне барды

Ердоған әскерлерге алғыс айтты.

942384
Президент шекара бекетіне барды
cumhurbaskani karakol ziyaret3.jpg
cumhurbaskani karakol ziyaret2.jpg
cumhurbaskani karakol ziyaret1.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Хатайда шекара бекетіне барды.

Президентке көптеген министр,  Бас штаб басқармасы басшысы және әскерлерге рухани қолдау беру мақсатымен шекара желісіне барған 200 адамдық спортшы және өнер қайраткерлері тобы серік болды.

Әскерлерге үн қатқан Ердоған Түрік Қарулы күштерінің Зәйтүн бұтағы операциясына тоқталды.

Ердоған операцияда залалсыздандырылған террорист санының 3852 болғанын атап көрсетті.

Түрік әскерінің Зәйтүн бұтағы операциясында дастан жазғанын білдірген президент Ердоған: «Түрік ұлты соңғы рет Чанаккаледе Азаттық күресінде кездескен тарихи бірлік ішінде» деді.

Президент операция барысында Африн қала орталығының алынуының шыныменен тарихи табыс екенін атап көрсетіп,  операцияға қатысқан барлық әскерлер,  жандармерия,  полиция,  барлау қызметкерлері, Еркін Сирия армиясын құттықтады.

«Африндегі табыстан кейін Түркиясын бір шешім қабылданбайды.  Африн дастаны Түрік Қарулы күштерінің әлеуетін білмейтіндерге жауап болды» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар