Мәлімдемеші Калын Әл-Жазира арнасына сұхбат берді

Мәлімдемеші Ибрахим Калын АҚШ-тың Манбидж тақырыбында Түркияға берген қолдау уәдесін орындау керектігін білдірді.

933545
Мәлімдемеші Калын Әл-Жазира арнасына сұхбат берді

Президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калын АҚШ-тың Манбидж тақырыбында Түркияға берген қолдау уәдесін орындау керектігін білдірді.

Калын орталығы Катар болған Әл-Жазира (Al Jazeera English) телеарнасына сұхбат берді.

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-YPG және ДАИШ-тен Сирияның Африн аймағын азат ету тақырыбына тоқталған Калын кейінгі қадамның аймақта қауіпсіздікті орнату екенін, өйткені қаланың әртүрлі аймақтарында миналар мен қолдан жасалған көптеген жарылғыш бар екенін атап көрсетті.

Түркияның Афринді өз иелеріне тапсыратынын атап көрсеткен Калын 2016 жылы 24 тамыз күні басталған шамамен 7 айға жалғасқан Евфрат қалқаны операциясын үлгі ретінде көрсетті.

Түркияның Африн тұрғындарының үйлеріне қауіпсіз түрде оралуы және өмір сүруі үшін жасалғанын атап көрсеткен Калын «Егер Африннің азат етілгеннен кейінгі жағдайымен Мосул мен Ракканың террор ұйымынан құтқарылған кездегі жағдайын салыстырғанда әр нәрсені көресіз» деді.

Қалаларға ешбір зиян келтірілмеді. Қала бомбаланған жоқ. Жазықсыз адамдарға, ғибадатханаларға және тарихи орындарға зиян келтірмеу үшін мұқият қозғалдық» деді.

Калын Түркияның Зәйтүн бұтағы операциясында өте ашық қозғалғанын мәлімдеді.

Америка Құрама Штаттарының қолдауымен Манбиджке басып кірген PKK/PYD-YPG-нің аймақтан шегінетіні жайлы уәделер бергенін еске салған Калын тақырыпты ABD-пен бағалауды жалғастырғандарын атап көрсетті.

Калын Манбиджтің күрд емес, араб қаласы екенін атап айтты.

Манбиджтен террор ұйымының шегінуі тақырыбында АҚШ-пен келісім жасалғанын білдірген Калын «Қазір бұл келісімнің жүзеге асырылуын күтеміз. Егер бұл келісім іске қосылатын болса АҚШ-пен бетпе-бет қалмайтын боламыз. Қазір АҚШ-тықтардың Ракка операциясы аяқталған кезде айтқанындай, бұл топтардың шегінуін күтеміз» деді.

Калын міндеттен алынған АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысының артынан Түркия-АҚШ ынтымақтастығының қалай түрленетіні жайлы «Мемлекет жұмыстарында жалғастық негізге алынады. Министрлер, лауазымдылар өзгеруі мүмкін. Бірақ маңызды саясаттардың бір қалыпты өзгермеуі күтіледі. АҚШ-тық әріптестерімізбен жасалған келісімдеріміздің жалғасуын үміт етеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар