Түркия мен АҚШ келісімге барды

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ неміс Die Zeit газетіне сұхбат берді.

926561
Түркия мен АҚШ келісімге барды

Түркия Манбидж және Евфраттың шығысындағы қалаларда тұрақтылық орнатылуы жөнінде Америка Құрама Штаттарымен келісімге барды.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ неміс Die Zeit газетіне сұхбат берді.

Сұхбаттың күн тәртібінде Түркия-Германия қарым-қатынастары, Түрік Қарулы Күштері мен Еркін Сирия армиясы тарапынан Сирияның Африн аймағында PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ-тік террористерді залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлматтан құтқару мақсатымен 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы және Түркия-НАТО қарым-қатынастары бар еді.

Сирияның Манбидж және Евфрат өзенінің шығысындағы қалаларда тұрақтылық орнатылуы тақырыбында АҚШ-пен жұмыс топтарын құрғанын айтқан министр Чавушоғлұ 19 наурыз күні АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен Вашингтонда кездесетінін білдірді.

Америка Конгресінде сенаторлардың Түркияға шара қолдануы жөніндегі дау-дамайға орай Чавушоғлұ «АҚЩ бізді қауіп ретінде қарамауы керек. Біз НАТО одақтасымыз» деді.

Зәйтүн бұтағы операциясына байланысты мағлұмат берген сыртқы істер министрі операцияның қиын бөлімінің біткенін, енді кезек Африн қаласының екенін айтты.

Түркия мен НАТО арасындағы қарым-қатынас туралы бір сұраққа болса Чауышоғлұ «НАТО біздің үйіміз» деді.

Түркия мен Германия қарым-қатынастарына да тоқталған Чавушоғлұ Германиямен өзі жоғарғы деңгейдегі зияраттардың бұрынғыдай жүзеге асырылуы керектігін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар