Террор ұйымы бейбіт халықтың Афринен шығуына рұқсат етпейді

БҰҰ Бас хатшысының мәлімдемешілерінің бірі Фархан Хак Афринде террор ұйымы YPG/PKK-ның ұстанымының алаңдатқанын жариялады.

925446
Террор ұйымы бейбіт халықтың Афринен шығуына рұқсат етпейді

Біріккен Ұлттар Ұйымы (BM), Сирияның Африн аймағынан кеткісі келгендерге рұқсат бермеген бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ның ұстанымының алаңдатқанын жариялады.

БҰҰ Бас хатшысының мәлімдемешілерінің бірі Фархан Хак күнделікті баспасөз жиналысында Афринен шыққысы келген бірақ «жергілікті лауазымдылар» рұқсат етпеген бейбіт халықтың жағдайына алаңдағандарын білдірді.

Африннен қазірге дейін 5 мың адамның ғана шыққанын тілге тиек еткен Хак Афринмен гуманитарлық байланыс құрып, бейбіт халықты аймақтан шығару үшін келіссөздер жүргізілгенін, бірақ кейбір мәселелерді шеше алмағандарын атап көрсетті.

Хак Анадолы агенттігі тілшісінің «Жергілікті лауазымдылар дегеніңіз кім? Олар YPG/PKK террор ұйымы ма?» деген сұрағына, «Иә, олар да бар» деп жауап қайтарды.

БҰҰ Бас хатшысының мәлімдемешісі Стефан Дуражик болса Афринде «Жергілікті лауазымдылар» деп атаған бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ның сенімді аймақтарға барғысы келген бейбіт адамдарға рұқсат бермегенін атап көрсеткен болатын.



Ұқсас жаңалықтар