Залалсыздандырылған террорист саны 2777-ге ұласты

Зәйтүн бұтағы операциясында өлтірілген террорист саны 2777-ге жетті.

922829
Залалсыздандырылған террорист саны 2777-ге ұласты

Түрік Қарулы Күштері тарапынан Сирияның Африн аймағында жүргізілген Зәйтүн бұтағы операциясында залалсыздандырылған террорист саны 2777-ге ұласты.

Бас Штаб басқармасы жасаған мәлімдемеде Зәйтүн бұтағы операциясы аясында бүгін жасалған әуе және құрлық операциялары нәтижесінде бөлшектеуші террор ұйымдары PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ мүшесі тағы 109 террористтің өлтірілгені білдірілді.

Мәлімдемеде операцияның 20 қаңтар күні басталғаны, залалсыздандырылған террорист санының болса 2777-ге ұласқанын атап көрсетті.

Бас Штаб басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда шекара мен аймақта қауіпсіздік пен тыныштықты сақтау, Сирияның Африн аймағында PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ-тік террористерді залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлматтан құтқару мақсатымен 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясы жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар