Өлтірілген террорист саны 1062-ге жетті

Кеше Африннің батысындағы тағы 5 ауыл террористтерден құтқарылды.

907562
Өлтірілген террорист саны 1062-ге жетті

Түрік Қарулы Күштері «Зәйтүн бұтағы операциясы басталғаннан осы таңға дейін өлтірілген террорист саны 1062-ге жетті» деді.

Түрік Қарулы Күштері тарапынан     Сирияның Африн аймағында PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ-тік террористерді залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлматтан құтқару мақсатымен басталған Зәйтүн бұтағы операциясында осы таңға  дейін өлтірілген террорист саны 1062-ге жетті.

Түрік соғыс ұшақтары Сирияның Африн аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PYD мен PKK-ға тиесілі нысандарды күйретті.

Кеше Африннің батысындағы тағы 5 ауыл террористтерден құтқарылды.

Африннің оңтүстік-батысына жасалған операцияда 1 әскер шейіт болды.

Операцияға қатысқан ұшақтар аман-есен базаға оралды.

Осы барыста Бас Штаб төрағасы Хулуси Акар мен қолбасшылар операция аймағын ұшақпен тексеріп шықты. 



Ұқсас жаңалықтар