Шырнакта террор ұйымына тиеслі 14 нысана жойылды

Шырнакта террор ұйымының нысаналарына операция жасалды.

906279
Шырнакта террор ұйымына тиеслі 14 нысана жойылды

Шырнактың Гүчлүконак ауданында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға бағытталған операцияда террористтерге тиесілі 14 баспана мен үңгір жойылды.

Губернаторлық жасаған мәлімдемеге қарағанда Гүчлүконак ауданы Демирбоғаз ауылына жасалған операцияда террор ұйымының анықталған 14 нысанасының жойылғаны атап көрсетілді.

Операцияда 2 қолдан жасалған жарылғыш құрылғысы, кіші газ баллоны, 500 метр ұзындығында электр кабелі қолға түсті.

Мәлімдемеде операциялардың үздіксіз жалғасатыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар