Түркия шекарасындағы Афринге 2 мың террорист әкелінді

PKK/KCK/PYD-YPG-нің бақылауындағы тұрғын аймақтарынан шыққан көліктермен келген көптеген террорист алдынғы күні Түркия шекарасындағы Айн әл-Арабқа (Кобани) ұласты.

904669
Түркия шекарасындағы Афринге 2 мың террорист әкелінді

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK/KCK/PYD-YPG Сирияның Хасеке мен Айн әл-Араб сияқты аймақтарынан 500 шақты террористті «азаматтық ынтымақтастық шарасы» атымен Афринге өткізді.

Анадолы агенттігінің Африн мен Хасеке ішіндегі ақпарат көздеріне сілтеген хабарына қарағанда PKK/KCK/PYD-YPG-нің бақылауындағы Камышлы, Дырбасийе, Маликийе, Хасеке орталығы мен Кахтанийе сияқты тұрғын аймақтарынан шыққан көліктермен келген көптеген адам алдынғы күні Түркия шекарасындағы Айн әл-Арабқа (Кобани) ұласты.

Айн әл-Арабта дайын тұрған басқа көліктермен қосылған жүздеген автобус бен жеңіл көліктерден тұратын керуендегі кем дегенде 2 мың адам кеше кешкі уақытта Афринге кірді.

Башар Асад режимінің бақылауындағы автожолмен өтіп Афринге кірген керуенде кем дегенде 2 мың адамның орын алғаны байқалды.

Көліктер алғашқы жолға шыққан аялдамалар мен Африндегі ақпарат көздері керуендердің кейбіреулерінің еріктілерден тұрғанын, дегенмен маңызды мөлшерінің PKK/KCK/PYD-YPG-нің қорқытып ұстаған адамдардан тұрғанын білдірді.

Керуенде сондай-ақ әртүрлі аймақтардан жиналған шамамен 500 террорист орын алады. Бұл топтағылардың бір бөлімінің ұйымға енді қосылғандар екені білдірілді.

Өткен апта PKK/KCK/PYD-YPG басқыншылығында аймақтардан Афринге «ынтымақтастық» атымен шерулер ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметкерлер мен студенттер мәжбүрленіп, барлық кәсіпорындарды күштеп жапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар