Сыртқы істер министрі Францияға наразылық көрсетті

Мевлүт Чавушоғлу Франция президенті Эммануэль Макрон жасаған мәлімдемеге наразылық көрсетті.

901460
Сыртқы істер министрі Францияға наразылық көрсетті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түрік қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағында «PKK/KCK/PYD-YPG» және ДАИШ-тік террористерді залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлымдықтан құтқару үшін басталған Зәйтүн бұтағы операциясымен байланысты Франциядан келген наразылықтарды сынға алды.

Анкарада журналистердің сұрақтарына жауап қайтарған Чавушоғлу Афринге жасалған операциямен байланысты Франция немесе басқа бір елдің Түркияға сабақ бере алмайтынын атап көрсетті.

Чавушоғлу «Бұл еуропалықтардың мынадай екіжүзді қылығы бар. Бетіңе қарап 'сенікі дұрыс' дейді, кейін барып сыртынан басқа мәлімдеме жасайды. Біз Алжирді басып алған француздар сияқты емеспіз. Ескертулерін өзімізге қарсы 'құрметсіздік' деп санаймын. Бұл басып алу емес. Біз Сирияның шекара тұтастығын толық қолдаймыз. Операция Сирия жерін террордан тазалауға бағытталады» деді.



Ұқсас жаңалықтар