Операцияны БҰҰ-да түсіндірді

Түркия БҰҰ-на Зәйтүн бұтағы операциясы жөнінде мәлімет берді.

897710
Операцияны БҰҰ-да түсіндірді

Түркияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Феридун Синирлиоғлу БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы кезекті төрағалығын атқарған Түркияның атынан баяндама жасады.

Синирлиоғлу Сирияның солтүстік батысында Африн аймағында басталған Зәйтүн бұтағы операциясы жөнінде «Операция арқылы ДАИШ-тың келуіне және PKK/PYD/YPG шабуылдарына қарсы шекара қауіпсіздігін қамдау, Африндегі террористтердің залалсыздандырылуы және азаматтардың терроризмнен құтқарылуы мақсат етілуде» деді.

Синирлиоғлу терроризмді жою және Сирияны тұрақтылыққа қауыштыру мақсатына жетудің тек ауқымды,  ұзын мерзімді бір стратегия арқылы болатынын атап көрсетті. Ол Түркияның терроризммен күресте табанды екенін тағы бір рет қайталады.

Синирлиоғлу Түркия бастаған әскери операцияның БҰҰ келісімінің 51-ші бабында орын алған «өзін қорғаудың заңды құқығы» аясында, Сирияның территория тұтастығына зиян келтірмейтін түрде жүргізілгенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар