Орыс және Иран елшілері министрлікке шақырылды

Ресей мен Иранның Анкарадағы өкілетті елшілері Асад режимінің Идлибтегі шабуылдары себепті Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

884965
Орыс және Иран елшілері министрлікке шақырылды

Ресейдің Анкарадағы өкілетті елшісі Алексей Ерхов және Иранның Анкарадағы өкілетті елшісі Мұхаммед Ибрахим Тахериан Фард Сирияда режимнің Идлибті қамтыған дағдарысты азайту аймағындағы шабуылдары себепті сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Дипломатиялық ақпарат көздеріне қарағанда режимнің Сириядағы дағдарысты азайту аймақтарына шабуылы себепті Түркияның мазасыздығы әскери және дипломатиялық каналдардан Астанада режимнің кепілдігін мойындаған орыс және ирандық лауазымдыларға жеткізілді.

Алайда бұл шабуылдар жалғасқан соң Ресейдің Анкарадағы өкілетті елшісі Ерхов кеше министрлікке шақырылып, Түркияның бұл тақырыптағы наразылығы мен мазасыздығы тілге тиек етілді.

Сондай-ақ 29-30 қаңтар күндері Сочиде ұйымдастырылатын Сирия Ұлттық келіссөз конгресіне бағыт алған бір кезеңде режимнің жалғастырған бұзушылықтарын дереу доғаруы және қажетті шараның қабылдануы талап етілді.

Аталмыш тұрғыдан мәселе режимнің екінші кепілі Иранның Анкарадағы өкілетті елшісі Фардқа Сыртқы істер министрлігіне шақырылып, жеткізілді.



Ұқсас жаңалықтар