"Ирандағы хаос аймаққа зиян келтіреді"

Вице-премьер мәлімдеме жариялады.

880821
"Ирандағы хаос аймаққа зиян келтіреді"

Үкімет мәлімдемешісі және вице-премьер Бекир Боздағ Иранда 7 күннен бері жалғасып келе жатқан үкіметке қарсы акциялар себепті хаостың бүкіл аймаққа зиян келтіретінін білдірді.

Ирандағы оқиғалар жөнінде әлеуметтік желіде жазба жариялаған Боздағ Түркияның Ирандағы оқиғаларды жақыннан бақылап отырғанын білдірді. «Түркия Иранда тыныштық, бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуына көңіл бөледі.  Иранның тыныштығы, бейбітшілік пен тұрақтылығы Иран халқы және аймағымыз үшін маңызды.  Иранда болатын/болдырылатын дағдарыс, хаос пен қақтығыс Иран, ирандықтар және аймаққа да зиян келтіреді» деді ол.

Боздағ Иран халқының және биліктің арандатушылықтар мен тұзақтарға абай болуы керектігін айтты.



Ұқсас жаңалықтар