Түркияның АҚШ-тағы өкілетті елшілігінен түзету

Елшілік қоғамға қате мәлімет берілмеуі жөнінде ескерту жасады.

877881
Түркияның АҚШ-тағы өкілетті елшілігінен түзету

Өкілетті елшілік Түркияда соттық ісі жалғасып жатқан тақырыптарға байланысты АҚШ-қа ешбір кепілдеме берілмегенін білдірді. 

Түрік үкіметінің ешбір кепілдеме бермегенін атап көрсеткен елшілік қоғамға қате мәлімет берілмеуі керектігі жөнінде ескерту жасады. 

Мәлімдемеде айырықша өзара қатынас принцибі аясында АҚШ азаматтарына виза шектемесінің алынып тасталғаны айтылды. 

АҚШ-тың Түркиядағы елшілігінің хабарламасында "берілген кепілдемеге тәуелді" екені алға тартылып, Түркия азаматтарына виза шектемесінің алынып тасталғаны хабарланған болатын.

Екі  ел арасында виза дағдарысы қазан айында басталған еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар