Премьер-министр Нахчыванға барды

9 жылдан кейін бірінші рет премьер-министр деңгейінде сапар ұйымдастырылды.

872680
Премьер-министр Нахчыванға барды

Премьер-министр Бинали Йылдырым Түркиядан 9 жыл үзілістен кейін премьер-министр деңгейінде Нахчыванға алғашқы сапарды жүзеге асырды.

Йылдырымды Нахчыван Халықаралық әуежайында Нахчыван автономдық республикасының Жоғары мәжіліс төрағасы Васыф Талибов, Түркияның Әзірбайжандағы өкілетті және төтенше елшісі Еркан Өзорал,  Нахчыван Бас консулы Нихат Ершен және басқа да лауазым иелері қарсы алды.

Премьер-министрмен бірге қызы Бүшра Бахар Көйлубай, вице-премьер Бекир Боздағ, Отбасы және әлеуметтік саясаттар министрі Фатма Бетүл Саян Кая, Дін істері басқармасы төрағасы Али Ербаш, Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Равза Кавакчы да Нахчыванға барды.

Бинали Йылдырым Нахчыван автономды республикасындағы сапарында алдымен Гайдар Алиев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Артынан Жоғары мәжіліске барып,  мәжіліс төрағасы Васыф Талибовпен кездесті.

Премьер-министр Нахчывандағы кездесулерінен кейін түнде Анкараға оралды.



Ұқсас жаңалықтар