"Иерусалим жобасын енді жалпы кеңеске жібереміз"

Президент Джибути президентімен бірге баспасөз өкілдерінің алдына шықты.

871884
"Иерусалим жобасын енді жалпы кеңеске жібереміз"

Президент Режеп Тайып Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне ұсынылған Иерусалим резолюция жобасын енді жалпы кеңеске жіберетіндерін айтты.

Ердоған мемлекеттік сапармен Анкараға келген Джибути президенті Исмаил Өмер Гуллемен кездескеннен кейін баспасөз өкілдерінің алдына шықты.

Гулле мен қасындағы делегацияны Түркияда қонақ қылғандарына қуанышты екенін тілге тиек еткен Ердоған 1977 жылы тәуелсіздігін алған Джибутидің биыл 40 жылдығын тойлағанын еске салды.

«Олар 15 шілде төңкеріс бастамасынан кейін еліміз бен ұлтымызға қолдауын дереу білдірді.  Джибути Фетуллахшы террор ұйымына қарсы қажетті шараларды дереу қолданған достарымыздың бірі» деді ол.

Стамбулда өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымының кезектен тыс саммитіне Джибутидің премьер-министр деңгейінде қатысқанын еске алған президент Ердоған: «Иерусалимді ұмытпағандары үшін алғыс айтамын» деді.

«Иерусалимнің қасиеттілігі мен тарихи мәртебесін сақтап қалу үшін маңызды шешімдер қабылдадық. БҰҰ-ға жеткіздік тақырыпты.  Иерусалимнің тарихи мәртебесін өзгертетін осы қауіпті қадамның алдын алу мақсатымен Қауіпсіздік кеңесіне ұсынылған резолюция жобасы АҚШ-тың кедергісімен кездесті. Жобаны қалған 14 елдің қабылдаған болуы өте маңызды.  Енді осы жобаны БҰҰ Жалпы кеңесіне ұсынамыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар