Түркия АҚШ ветосына наразылық көрсетті

Түркия "Иерусалим жобасын" вето еткен Америка Құрама Штаттарына қатал наразылық көрсетті.

871102
Түркия АҚШ ветосына наразылық көрсетті

Түркия "Иерусалим жобасын" вето еткен Америка Құрама Штаттарына қатал наразылық көрсетті.

Түркия Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне ұсынылған «Иерусалим жобасын» вето еткен Америка Құрама Штаттарына қатал наразылық көрсетті.

Сыртқы істер министрлігі Түркияның басшылығында Мысыр тарапынан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне ұсынылған және «АҚШ-тың Иерусалимді Израильдің астанасы деп қабылдаған» шешіміне байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы қарарларына қайшы болғаны себепті «құқықтық жақтан күшіне ие емес» деп саналған жобаның АҚШ  тарапынан вето етілуінің осы елдің бейтарап тұғырының жойылғанын тағы бір мәрте дәлелденгені білдірілді.

Министрліктен жасалған жазбаша мәлімдемесінде Иерусалим тақырыбында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне ұсынылған шешім жобасының вето етілуінің алаң туғызғаны баяндалды.

Мәлімдемеде мына сөздерге орын берілді: «Халықаралық құқыққа негізделіп дайындалған және барлық елдерге Иерусалим тақырыбында қатысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шешіміне бойсұнуы жөнінде үндеу тасталған аталмыш жобаның АҚШ тарапынан вето етілуі алаң туғызды және осы елдің бейтарап тұғырының жойылғанын тағы бір мәрте паш еткен болды. АҚШ-тың дауыс беруде жалғыз қалуының өзі Иерусалиммен байланыстың шешімнің құқыққа қайшы болғанының айқын дәлелі болып табылады» .


Этикеттер: #БҰҰ , #Иерусалим , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар