10 миллион адам аштықтан өлетін бір әлемде семіздікпен күресудеміз

Емине Ердоған Стамбулда «Семіздіктің алдын алу» симпозиумында сөз сөйледі.

869231
10 миллион адам аштықтан өлетін бір әлемде семіздікпен күресудеміз

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған азық-түлік көздерінің әділетсіз таралымына назар аударып,  осы моральдық тақырыпты талқылау керектігін айтты.

Емине Ердоған Стамбулда «Семіздіктің алдын алу» симпозиумында сөз сөйледі.

Заманауи әлемнің негізгі проблемаларының бірінің балалық шақ семіздігі екенін білдірген Емине Ердоған сыртта тамақтанудың артуы, тағам түрлілігі,  энергия және майлылық мөлшері жоғары тағамдарды қолданудың осы проблеманы арттырғанын айтты.

Ердоған проблеманың шешімінде мемлекет пен отбасыға көп жауапкершілік түсетінін атап көрсетті.

Оның айтуынша,  балалар көп қабатты үйлерде және мектепке барып келетін көліктерде көп болатындықтан, жүруге, жүгіруге және велосипед тебуге уақыттары болмайды. Сонымен бірге балалар технологиялық тәуелді болғандықтан жабық алаңдарда көп тұрады.

«Өкінішке орай,  жылына 10 миллион адам аштықтан өлетін бір әлемде адам баласы семіздікпен күресуде. Семіздікке қатысты аурулардан қайтыс болғандар саны аштықтан өлгендердің санынан үш есе артық» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар