Бұл шешімнің Түркия үшін күші жоқ

Ибрахим Калын Дональд Трамптың Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде тану шешімін Түркияның қабылдамайтынын білдірді.

862984
Бұл шешімнің Түркия үшін күші жоқ

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың Иерусалимді Израильдің астанасы ретінде тану шешімін Түркияның қабылдамайтынын білдірді.

Калын Трамптың арандатушы шешіміне байланысты әлеуметтік желіден хабарлама жариялады. «Бұл шешімнің біз үшін күші жоқ.  АҚШ әкімшілігінің Иерусалимге байланысты және заңсыз шешімін қабылдамаймыз.  Айыптаймыз. Бүкіл әлем халықаралық құқық және БҰҰ резолюцияларын бұзған осы шешімге қарсы шығуы керек. Палестина халқының жанында болу керек» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар