Ұлттық Қорғаныс министрі Эр-Риядта

Джаникли Эр-Риядта 'Терроризммен күресте Ислам әскери коалициясы қорғаныс министрлері жиналысына' қатысты.

855330
Ұлттық Қорғаныс министрі Эр-Риядта

Ұлттық Қорғаныс министрі Нуреттин Джаникли бөлшектеуші террор ұйымы ПКК және Сириядағы тармағы PYD/YPG тақырыбында әртүрлі шараны қабылдайтынын білдірді.

Джаникли Сауд Арабиясының бас қаласы Эр-Риядта ұйымдастырылған 'Терроризммен күресте Ислам әскери коалициясы қорғаныс министрлері жиналысына' қатысты.

Жиналыстың ашылу рәсімін Сауд Арабиясы ханзадасы және Қорғаныс министрі Мұхаммед бин Селман бин Абдуллазиз жасады. Жиналыста баяндама жасаған министр Джаникли тұрақсыздық және қауіпсіздік кемшілігінен ең көп зардап шеккендердің мұсылмандар мен Ислам елдері екенін атап көрсетті.

Террор ұйымыдарының бір қауымының Ислам атын қолданып, жазықсыз адамдарға шабуылдағанына назар аударған Джаникли «Мысырдағы соңғы қырғынды ең қатаң түрде айыптап, көңіл айтты. Жұма намазы оқыған күнәсіз мұсылмандарға шабуылдау ешбір шынайы мұсылман ойламайтындай үлкен бір күнә болып табылады. Бұл қанішерлер еш қандай Ислам атынан өкілдік жасай алмайды. Бірақ Ислам әлемі арасындағы бөлшектенуді қолдана алады» деді.

Ақылдасып қозғалудың маңызына назар аударған Джаникли «Террористтерді сылтауларынан мақұрым қалдырудың жалғыз жолы бірігу. Оңтүстік Азиядан Кавказға, Африкаға, Кавказдан Шығанақ аймағына дейін созылған мұсылман әлемінде, сәйкессіздік, дұшпандық және айырмашылықтардан бастартуымыз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар