Премьер-министр Йылдырым ағылшын әріптесімен бас қосты

Премьер-министр Бинали Йылдырымның Лондондағы ресми байланыстары жалғасуда.

856041
Премьер-министр Йылдырым ағылшын әріптесімен бас қосты

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэйдің шақыруымен бұл елге барған премьер-министр Бинали Йылдырым Лондондағы алғашқы түрік капиталды «DOME Group» инвестиция банкінің ашылу рәсіміне қатысты.

Мэймен кездесуінде премьер-министр  «Екі жақты ынтымақтастығымыз және террормен күрестен бастап, араларында Ирак және Сирия тақырыптары бар аймақтық мәселелерді қолға аламыз. Бұл сапар ынтымақтастығымызды күшейту үшін жақсы мүмкіншілік болады» деді.

Йылдырым Downing Street-тегі премьер-министрлік ғимаратында Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэймен бас қосты.

Оңаша кездесудің баспасөзге ашық бөлімінде сөйлеген Йылдырым жылдың басында Мэй Түркияға жасаған сапардың қорғаныс өнеркәсібінен бастап, жаңа ынтымақтастық пен инвестиция мүмкіншіліктерінің алдын ашқанын атап көрсетті.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй болса «Түркиямен ынтымақтастығымыз біз үшін аса маңызды. Әртүрлі жаһандық мәселелермен ортақ шұғылданамыз, террормен бірге күресеміз. Сондай-ақ 15 миллиард стерлингтік сауда көлеміміз бар» деді.



Ұқсас жаңалықтар