Сыртқы істер министрі Италияда

Мевлүт Чавушоғлу Италияда Unicredit банкы ұйымдастырған Түрік-Италия 10-шы форумының жабылу салтанатына қатыст

854274
Сыртқы істер министрі Италияда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Жерорта теңізіндегі екі ел Түркия мен Италияның халықаралық проблемаларға көзқарастарының бірдей болуының жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктерін ұсынатынын айтты.

Мевлүт Чавушоғлу Италияда Unicredit банкы ұйымдастырған Түрік-Италия 10-шы форумының жабылу салтанатына қатысты.

Осында қатысушыларға үн қатқан министр Ливиядан Йеменге,  Ирактан Сирияға дейін көштен терроризммен күрес тақырыбына дейін Түркия мен Италияның көзқарасының бірдей екенін,  мұның да оқиғаларға бейтарап және шешім іздестіретін ұстанымының нәтижесі екенін айтты.

«Ливияда елшілік ашқан екі ел Түркия мен Италия» деді ол.

Түркияның өз аймағындағы тұрақтылық үшін көп жұмыстанғанын тілге тиек еткен министр: «Сирияда бір жылдан бері атысты тоқтату үшін жүргізген істеріміздің жемісін ала бастадық.  Сирия мен Ирактың қайта құрылуы жөнінде Еуропа Одағымен дайындықтарды жалғастырудамыз» деді.

Италия мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты «Терроризммен күрес,  қорғаныс саласында ынтымақтастық,  мәдениет және халықаралық аренадағы организацияларда өзара қолдау келісімінсіз-ақ қолдау беру  - жақсы қатынастың көрсеткіші» деп түсіндірген Сыртқы істер министрі екі ел арасындағы сауда айналымын 2020 жылы 30 миллиард долларға көтергісі келетіндерін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар