Министр Джаникли ТҰҰМ комиссиясында мәлімдеме жасады

Ұлттық Қорғаныс министрі комиссия алдында PYD/YPG террор ұйымы, S-400 әуе қорғаныс жүйелері және НАТО скандалын бағалады.

852687
Министр Джаникли ТҰҰМ комиссиясында мәлімдеме жасады

Ұлттық Қорғаныс министрі Нуреттин Джаникли бөлшектеуші террор ұйымы ПКК мен Сириядағы тармағы PYD/YPG бар әр жердің Түркияның нысанасы екенін атап көрсетті.

Нуреттин Джаникли Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) жоспарлау және бюджет комиссиясында мәлімдеме жасады.

Сирияның солтүстігінде террорлық әрекеттерін жалғастырған және АҚШ қару-жарақ қолдауы жасаған PYD/YPG-ге операция ықтималын бағалаған Джаникли «Түркия халықаралық заңдардан туындаған операция жасау құқығын қолданады, барша білсін» деді.

Ресеймен S-400 әуе қорғаныс жүйелері сатып алу келісіміне қол қойылғанын еске салған Джаникли «Біреуі таңдаулы түрде екі дана S-400 әуе қорғаныс жүйесі қамтамасыз етіледі» деді.

Джаникли алғашқы S-400 әуе қорғаныс жүйесінің 2019 жылы қабылданатынын атап көрсетті.

Өткен апта Норвегияда болып өткен НАТО әскери жаттығуында Ататүрік пен президент Ердоған нысанаға алынған скандалды бағалаған Джаникли бұл жағымсыз оқиғаны жауапсыз қалдырмайтындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар