Штаб-пәтер басшылары Сочиде кездесті

Сочидегі кездесу үштік саммит қарсаңында өтіп отыр.

851874
Штаб-пәтер басшылары Сочиде кездесті

Түркия Штаб-пәтер басшысы,  армия генералы Хулуси Акар Ресей Штаб-пәтер басшысы,  армия генералы Валерий Герасимов және Иран Штаб-пәтер басшысы Мұхаммед Бакыримен Сочиде кездесті.

Кездесу президент Режеп Тайып Ердоған,  Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин және Иран президенті Хасан Руханидің қатысуымен ертең Сочиде басталатын Сирия тақырыпты үштік саммит қарсаңында өтті.

Түркия,  Ресей және Иран Штаб-пәтер басшыларының кездесуінен кейін Ресей Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеге қарағанда,  кездесуде тараптар Сириядағы жағдайды қолға алды.  Террористтік топтардың жойылуы,  келіспеушілік азайтылатын аймақтарда координацияның арттырылуы,  Сириядағы қалған террорлық топ мүшелерінің толығымен шығарылуы тақырыптарында келісімге келді.



Ұқсас жаңалықтар