ПКК мүшесі 17 террорист өлтірілді

Түрік Қарулы Күштері кеше әуе операция жасады.

847145
ПКК мүшесі 17 террорист өлтірілді

Түрік Қарулы Күштері кеше әуе операция жасады. Әуе операциясында Битлис, Шырнак, Хаккари және Ирактың солтүстігіндегі Хакурк аймағында бөлшектеуші террор ұйымы ПКК мүшесі 17 террорист өлтірілді.

Түрік Қарулы Күштерінен жасалған мәлімдемеге қарағанда әскери жасақтарға және шекарадағы жандармерияға шабуыл жасауға дайындалған бөлшектеуші террор ұйымы мүшелеріне әуе операциясы ұйымдастырылды.  Операция нәтижесінде екеуі Битлис Сарпкая аймағында, төртеуі Шрнактың Дерелер ауылында, он бірі Ирактың солтүстігіндегі Хакурк аймағында болып, жиыны 17 террорист өлтірілді.

Хаккари провинциясынан жасалған мәлімдемеде террор ұйымы ПКК-ға бағытталған әуе операциясында 10 террористтің өлтірілгені білдірілді.

 


Этикеттер: #ПКК , #Шырнак , #Хаккари

Ұқсас жаңалықтар