Жақсылық елшілері бас қосады

Халықаралық Қызыл жарты ай-Қызыл крест қоғамдары федерациясының жиыны Анталияда болады.

840314
Жақсылық елшілері бас қосады

Халықаралық Қызыл жарты ай-Қызыл крест қоғамдары федерациясының жиыны 5-11 қараша күндері арасында Анталияда болады.  Жиынға 190 елден 1500 жақсылық елшісі қатысады.

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы хабарлама жасап,  «дүние жүзінің ең ірі гуманитарлық көмек организациясының» жиынына президент Режеп Тайып Ердоғанның да қатысатынын білдірді.

1969 жылы Стамбулда 21-ші Халықаралық Қызыл крест – Қызыл жарты ай конференциясын өткізген Түркия осылайша 48 жылдан кейін осы ұйымның жаһандық деңгейдегі жиынына мекен болады.

Жиынның негізгі тақырыбы  «Адамдықтың күші» болмақ. 190 елден келетін жақсылық елшілері Мьянма, Сомали, Ирак және Сириядағы гуманитарлық трагедияны талқылайды. Шешім ұсыныстарын қолға алады.

Жиында сонымен бірге Түрік Қызыл жарты ай қоғамының төрағасы Др. Керем Кынык организацияның Еуропа төрағалығы үшін жарысады.

Федерацияның төраға орынбасарлары және атқару комитеті мүшелері, Африка,  Америка,  Азия және Еуропа басшылары үшін сайлау өткізіледі.



Ұқсас жаңалықтар