Путин мен Ердоған кездеседі

Екі басшының келесі кездесуі үшін дайындық жүруде.

839562
Путин мен Ердоған кездеседі

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің келесі кездесуі үшін дайындық жүргізілуде.

Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Ердоғанның биыл қайтадан кездесіп кездеспейтіні жөніндегі бір сұраққа: «Иә, дайындықтар жалғасуда» деп жауап берді.

Песков кездесу туралы басқа мәлімет бермеді.

Президент Ердоған Әзірбайжаннан қайтар жолда ұшақта журналистерге келесі апта немесе одан кейінгі аптада Ресей басшысы Путинмен кездесу болатынын айтқан еді.

Ердоған мен Путин соңғы рет 28 қыркүйек күні Анкарада бас қосып,  екі басшының күн тәртібінде Сирия дағдарысты салмақты орын алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар